NUR

Қорынттықтарға 2 3

1Бұл тағы да өзімізді-өзіміз мақтағандай болып тұр ма? Яки кейбір басқалар сияқты сендерге немесе сендерден кепілдеме хаттарына мұқтажбыз ба?

2Жоқ, біздің «хатымыз» — өздеріңсіңдер: бәріне белгілі, бәрі де оқитын, жүрегімізге жазылған кепілдемеміз сендерсіңдер!

3Осы «хатты» біздің қызметіміз арқылы Мәсіхтің Өзінің жазып жібергендігі сендердің өмірлеріңнен анық көрініп тұр. Ол сиямен емес, мәңгі тірі Құдайдың Рухымен, тас тақтайшаларға емес, адамдардың жүректеріне жазылды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →