NUR

Шежірелер 2 34

1Жосия патша болған кезде оның жасы сегізде еді. Ол Иерусалимде отыз бір жыл билік жүргізді.

2Жосия Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, түп атасы Дәуіттің жолымен жүрді және мұнысынан не оңға, не солға таймады.

3Жосия патшалық құрған сегізінші жылы, әлі де жасөспірім шағында түп атасы Дәуіт сиынған Құдайына бет бұрып, Оның еркін сұрай бастаған еді. Содан кейін ол билігінің он екінші жылы Яһуда мен Иерусалимді биіктеу жерлердегі табыну орындарынан, жалған тәңір Ашераға бағышталған бағаналардан және ағаштан ойылып не қоладан құйылып жасалған басқа да тәңірсымақ мүсіндерінен арылта бастады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →