NUR
Шежірелер 2 31
1Мейрам біткеннен кейін оған қатысқан исраилдіктердің барлығы Яһуданың қалаларына барып, олардағы жалған тәңірлерге бағышталған тас мүсіндерді қиратып, Ашераға арналған ағаш бағаналарды шауып тастап, биіктеу жерлердегі табыну орындарын және құрбандық үстелдерін талқандады. Олар Яһуда мен Бунямин руларының жерлерінің бәрінде әрі Ефрем мен Манаса руларының жерлерінде сол табыну орындарын түгелімен жойып тастады. Бұдан кейін исраилдіктер өз қалалары мен үй-жайларына қайтты.
2Бұдан кейін Езекия діни қызметкерлер мен леуіліктердің атқаратын міндеттеріне сәйкес кезектерін белгіледі. Олар шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар мен ризашылық құрбандықтарын ұсынып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағының қақпаларының қасында қызмет етіп, шүкірлік айтып, мадақтау әндерін шырқауға тиіс болды.
3Патша күн сайын азанда және кешке шалынып, өртелетін құрбандықтар үшін, сондай-ақ демалыс күндері, әр айдың алғашқы күніндегі мейрамда және Жаратқан Иенің Таурат заңында белгіленген басқа да мейрамдарда шалынып, өртелетін арнайы құрбандықтар үшін де өзінің отарлары мен табындарынан мал бөліп қойды.