NUR
Шежірелер 2 24
1Жоғас Яһуда елінің патшасы болған кезде жасы жетіде еді. Ол Иерусалимде қырық жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні бер-шебалық Сибия болатын.
2Діни қызметкер Еходайдың тірі кезінде Жоғас Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді.
3Еходай оған екі әйел таңдап алып берді. Жоғас олардан ұл-қыздар сүйді.