NUR

Шежірелер 2 22

1Иерусалимнің тұрғындары Жорам патшаның кенже ұлы Охозияхты әкесінің орнына патша етіп қойды. Себебі бір тонаушылар тобы көшпенді тайпалармен бірігіп Яһуданың әскер қосына тап бергенде патшаның Охозияхтан үлкен ұлдарының барлығын да өлтіріп тастаған еді. Сондықтан Жорамның кенже ұлы Охозиях Яһуда елінің патшасы болды.

2Сол кезде Охозияхтың жасы жиырма екіде еді. Ол Иерусалимде бір жыл билік жүргізді. Оның шешесі (Солтүстік Исраилдің бұрынғы патшасы) Омридың немере қызы Аталия еді.

3Охозиях (өзінің нағашылары) Ахабтың әулетінің азғын жолымен жүрді, себебі оның шешесі Аталия осыған түрткі салып отыратын.

Nur ilovasida to'liq o'qish →