NUR
Шежірелер 2 2
1Сол кезде Сүлеймен Жаратқан Иенің даңқын шығаруға арналған ғибадатхананы және өзі үшін патша сарайын салуға әмір етті.
2Патша жетпіс мың адамды тас тасушы, тағы сексен мыңын тауда тас қашаушы, ал үш мың алты жүзін жұмысшылар үстінен қараушы болып жұмыс істеуге белгіледі.
3Сүлеймен Тир патшасы Хирамға мынадай сәлем жолдады: «Әкем марқұм өзіне сарай салған кезінде Сіз оған самырсын ағаштарының бөренелерін жіберген едіңіз.