NUR

Шежірелер 2 13

1Еробоғам Солтүстік Исраилге патшалық құрған он сегізінші жылы Абиях Яһуда елінің патшасы болды.

2Ол Иерусалимде үш жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні гибеялық Ұриелдің қызы Маха еді. Абиях пен Еробоғамның арасында соғыс жүріп жатты.

3Абиях төрт жүз мың мықты да ержүрек сарбаздан құралған жасағын ертіп алып, соғысуға аттанды. Еробоғам да сегіз жүз мың мықты да ержүрек сарбазымен бірге сап түзеп дайын тұрды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →