NUR

Патшалықтар 1 5

1Філістірлер Құдайдың Келісім сандығын қолға түсіргеннен кейін оны Әбен-Езерден Азот қаласына алып барды.

2Сол жерде Құдайдың сандығын өздері табынатын тәңір Дагонның ғибадатханасына кіргізіп, оның мүсінінің қасына қойды.

3Азоттықтар келесі күні ертемен тұрып, ғибадатханаға келгенде Дагонның мүсіні Жаратқан Иенің сандығының алдында етпетінен құлап жатыр екен! Олар мүсінді көтеріп, бұрынғы орнына қойды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →