NUR
Патшалықтар 1 17
1Біраз уақыттан кейін філістірлер өздерінің жасақтарын соғысқа жинады. Олар Яһуда руының жеріндегі Сохо қаласының маңайында бас қосып, Сохо мен Әзеканың арасындағы Епес-Даммимға қостарын тікті.
2Сонда Саул және Исраилдің ер адамдары Емен аңғарында жиналып, сап түзеп, шайқасқа дайындалды.
3Філістірлер бір төбенің, исраилдіктер екінші төбенің беткейінде тұрып, араларында аңғар жатты.