NUR

Патшалықтар 1 14

1Бір күні Саулдың ұлы Жонатан өзінің қару-жарағын көтеріп жүретін нөкер жігітіне: «Жүр, арғы беттегі філістірлердің жасақшылар тобына қарай өтіп барайық», — деді. Жонатан әкесіне бұл туралы ештеңе айтпаған болатын.

2Саул сол кезде Гибея қаласының шетіндегі Мигронда бір анар ағашының саясында отырған еді. Оның қасында алты жүздей адамы және

3діни қызметкер Ахиях болды. Ахиях Иқабодтың ағасы Ахитұбтың ұлы, Пінехестің немересі, Елидің шөбересі еді. Ели кезінде Шилодағы ғибадатханада Жаратқан Иенің діни қызметкері болған еді. Енді Ахиях діни қызметкердің жеңсіз сырт киімін киіп жүрді. Ал Жонатанның кетіп қалғанын ешкім білмей қалды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →