NUR

Патшалықтар 1 10

1Самуил майға толған құтысын алып, одан Саулдың басына құйды. Оның бетінен сүйіп, былай деді: — Біліп қой, Жаратқан Ие сені Өзінің меншігінің басшысы етіп тағайындады!

2Соның белгісі мынау болады: сен қазір қасымнан кетіп, Бунямин жерінің шекарасындағы Селсаққа жеткенде, Рахиланың қабірінің жанында екі адамды кездестіресің. Олар саған: «Сен іздеген есектер табылды. Бірақ әкең енді оларды емес, сені ойлап, балама не болды екен деп уайымдап жатыр» дейтін болады.

3Әрі қарай жүріп, Табордағы еменді тоғайға жеткеніңде саған Бетелге Құдайға құлшылық етуге бара жатқан үш адам жолығады. Біреуі үш жас лақ, екіншісі үш күлше нан, үшіншісі бір торсық шарап көтеріп бара жатады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →