NUR
Патшалықтар 3 9
1Сүлеймен Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, барлық қалағандарын жүзеге асырып болғанда,
2Жаратқан Ие оған екінші рет аян берді. Оған бұрынырақ Гибеонда да аян берген болатын.
3Бұл жолы Жаратқан Ие Сүлейменге былай деді: — Маған бағыштаған мінажатың мен өтініш-тілектерің құлағыма жетті. Сен салған мына үйді Менің есімім сонда әрдайым орнықсын деп Өзіме бағыштадым. Оны ұдайы жүрегімде ұстап, көзімнен таса қылмаймын.