NUR
Патшалықтар 3 20
1Сол кездері Арама елінің патшасы Бен-Хадад күллі әскерін жинап алды. Онымен бірге өзіне қарасты тағы отыз екі патша өздерінің салт аттылары және соғыс күймелерімен қоса аттанды. Барлығы өрлеп барып, Самария қаласын қоршап алып, оған шабуыл жасамақ болды.
2Бен-Хадад сол қалада орналасқан Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа елшілерін жіберіп, оған былай деп сәлем жолдады: — Бен-Хадад мынаны айтады:
3Сенің алтын-күмісің менікі, әйелдерің мен балаларыңның ең көріктілері де менікі! —