NUR

Патшалықтар 3 10

1Сүлейменнің зор даңқы және оның Жаратқан Иенің құрметіне салған киелі үйі туралы Сәба елінің патшайымы да естіген еді. Содан ол қиын сауалдар қойып Сүлейменнің даналығын сынамақшы болды.

2Патшайым көп нөкерін ертіп сапарға шығып, үлкен керуенмен Иерусалимге келді. Түйелеріне хош иісті заттар, мол алтын мен асыл тастар артылған болатын. Сүлеймен қонақты қарсы алып, сарайына кіргізді. Патшайым ойындағы бар мәселелер жайлы онымен сөйлесті.

3Сүлеймен солардың бәріне жауап берді. Патша білмей, түсіндіре алмаған бірде-бір сауал болған жоқ.

Nur ilovasida to'liq o'qish →