NUR

Патшалықтар 3 1

1Дәуіт патша қартайып, жасы ұлғайған кезінде үстіне көрпе жамылса да бойы жылымайтын болды.

2Сонда нөкерлері оған: «Уа, патша ие, сіздің қасыңыздан шықпай, күтім жасайтын бір пәк қызды тауып алып келейік! Ол қойныңызда жатып, денеңізді жылытсын», — деген ұсыныс жасады.

3Содан олар бүкіл Исраил елі бойынша сұлу қыз іздеп, Шунем қалашығынан Абисаға есімді қызды тауып, оны патшаға алып келді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →