NUR
Жоханның 1-хаты 5
1Исаны Мәсіх деп сенетін әркім — Құдайдың рухани баласы. Әкені сүйетіндер Оның балаларын да сүйеді.
2Біз рухани балаларын сүйетінімізді Құдайды сүйіп, Оның өсиеттерін орындауымыздан білеміз.
3Ал өсиеттерін орындағанымыз — Құдайды сүйгеніміз; оларды орындау қиын емес.