NUR

Жоханның 1-хаты 2

1Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.

2Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.

3Егер Құдайдың өсиеттерін орындасақ, Құдайды жақыннан танитынымызды білеміз.

Nur ilovasida to'liq o'qish →