NUR

Жоханның 1-хаты 1

1Әуел баста Ол бар болатын. Біз Оны естіп, көзімізбен көріп, Оған анықтап қарап, қол тигіздік. Ол — шынайы өмір сыйлайтын «Сөз». Сендерге Сол туралы айтып береміз,

2себебі Өмір бізге келді. Осы мәңгілік Өмірді көрдік те, енді Оған куә болып, сендерге таныстырамыз. Ол Әкемен бірге болатын, содан көктен жерге түсіп, бізге көрінді.

3Сендер бізбен байланыста болсын деп, өзіміз көріп, естігеніміз туралы хабар беріп отырмыз. Осылай бәріміз Әкемен және Оның рухани Ұлы Иса Мәсіхпен байланыстамыз.

Nur ilovasida to'liq o'qish →