NUR
Қорынттықтарға 1 9
1Мен ерікті емеспін бе? Елші емеспін бе? Иеміз Исаны өз көзіммен көрдім емес пе? Сендер Иеміз үшін еткен еңбегімнің жемісі емессіңдер ме?
2Мен басқалар үшін елші болмаған күнде де сендерге жіберілген елші екенім сөзсіз. Менің Иеміздің елшісі екендігімнің дәлелі сендерсіңдер.
3Өзімді айыптағандардан осылайша қорғанамын.