NUR
Қорынттықтарға 1 7
1Ал енді маған жазғандарыңа тоқталайын. «Еркектердің әйелдерге жоламағаны жақсы» дейтіндерің бар екен.
2Ал азғындықтан сақтану үшін әр еркектің өз әйелі, әр әйелдің өз күйеуі болсын.
3Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тиісті ықылас көрсетулері керек.