NUR
Қорынттықтарға 1 12
1Енді рухани дарындарға тоқталайын, қымбатты бауырластар, сендердің бұларды дұрыс түсінбегендеріңді қаламаймын.
2Өздерің білесіңдер: әлі де Құдайға мойынсұнбаған кездеріңде сендерді біреу жетелегендей, үндемейтін «тәңір» бейнелеріне құлшылық етудің әр түрлі жолдарымен азғырылдыңдар.
3Сондықтан сендерге айтамын: Құдайдың Рухына кенелген ешбір адам «Исаны қарғыс атсын» дей алмайды, әрі Киелі Рухтың жетелеуінсіз ешкім де «Иса — Жаратқан Ие» деп шын жүректен мойындай алмайды.